26 шілдеде Венгрияда мыңға жуық адам үкіметті "белсенділерді израильдік Pegasus бағдарламасымен аңдыды" деп айыптап, наразылық білдірді.
Наразылар елдің коммунистік режиммен байланысты тарихына меңзеп, Будапештегі Терроризм құрбандарын еске алу музейінің алдына жиналды. Әдетте мұнда нацизм мен коммунизм құрбандарын еске алады.
Жұрт осы жерден премьер-министр Виктор Орбан жетекшілік ететін Фидес партиясының кеңсесіне шеру жасап барып, "Виктатор" деп айқайлады.
Заң үстемдігі және демократия мәселелері бойынша Венгрия үкіметінің ұстанымы Еуроодақтың көптеген еліне қайшы келеді.
"Pegasus дауынан" кейін билік "барлау деректері заң аясында жинақталады" деуден басқа түсініктеме бермеген.
17 халықаралық медиа ұйымы мен Amnesty International-дың осы айда жариялаған зерттеуі бойынша, израильдік NSO Group компаниясының Pegasus бағдарламасы журналист, құқық қорғаушы, түрлі лауазымды қызмет атқаратын шенеуніктерді аңду үшін пайдаланылған.
Зерттеуге сәйкес, Венгрияда 300 шақты адамның телефоны тыңдалған болуы мүмкін. Арасында кемінде 10 заңгер мен 5 журналист бар.
Зерттеудің Қазақстанға да қатысы бар. Ақпаратқа қарағанда, бірінші президент Нұрсұлтан Назарбаев тұсында елде кемінде 2000 қазақстандық нөмір тыңдалды деген болжам бар. "Телефоны тыңдалған арасында" қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаев, премьер-министр Асқар Мамин, Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев, одан бөлек бірқатар журналистер мен құқық қорғаушылар атап айтқанда, Серікжан Мәулетбай, Бигелді Ғабдуллин, Бақытжан Төреғожина бар.
Тізімде бірқатар олигархтар мен кәсіпкерлерің де аты аталады.
Қазақстан президент әкімшілігі жетекшісінің орынбасары Дәурен Абаев зерттеуді "дәлелсіз, интрига тудыратын ақпарат" деп атаған.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ
Телефоны тыңдалған болуы мүмкін адамдар тізіміне Есімов пен Рақышев кірдіӨтемұратов, Әблязов. Зерттеу тобы "телефоны тыңдалған" қазақстандық олигархтардың аты-жөнін жарияладыСмартфонға байқатпай кіретін тыңшы бағдарламасы қалай жұмыс істейді?Абаев қазақстандықтарды аңдығаны жайлы зерттеу жөнінде: "Дәлелсіз интрига тудыратын ақпарат"Қазақстанда Pegasus бағдарламасы арқылы тыңшылық жасауы мүмкін деген ақпаратты зерттеуге шақырдыМеморгандар Тоқаев пен Маминнің "Пегас тізімінен" табылуы туралы не дейді?