Израиль арнайы қызметі NSO Group компаниясының кеңсесін тінтті. Коммерциялық Pegasus тыңшылық бағдарламаларын осы компания дайындаған.
Компания кеңсесі тінтілгені туралы мәліметті Израильдің қорғаныс министрлігі таратты.
Мұның алдында Forbidden Stories ұйымы мен бірнеше ақпарат құралы израильдік компанияның тыңшылық бағдарламаларын журналистер мен жоғары лауазымды шенеуніктердің ізіне түсу үшін пайдаланғанын хабарлаған. Олардың арасында Франция президенті Эммануэль Макрон, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та бар делінеді.
NSO Group арнайы қызмет тінтігенін растап, тексеруге қарсы еместігін мәлімдеді. Компания баспасөздің Pegasus бағдарламасын журналистер мен шенеуніктердің ізіне түсу үшін қолданғаны туралы мәліметтерін жоққа шығарды. NSO Group бағдарлама террористермен күресуге арналған деп отыр.
Pegasus ұялы телефондарды бұзып, электронды хаттарды, қоңырауларды және хабарламаларды жазып алады.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ
Телефоны тыңдалған болуы мүмкін адамдар тізіміне Есімов пен Рақышев кірдіӨтемұратов, Әблязов. Зерттеу тобы "телефоны тыңдалған" қазақстандық олигархтардың аты-жөнін жарияладыСмартфонға байқатпай кіретін тыңшы бағдарламасы қалай жұмыс істейді?Абаев қазақстандықтарды аңдығаны жайлы зерттеу жөнінде: "Дәлелсіз интрига тудыратын ақпарат"Тоқаев және басқалар. OCCRP телефоны тыңдалуы мүмкін деген адамдар тізімін жаңартты