Қазақстандық белсенділер әлеуметтік желіде биыл тамызда түрмеге қамалған Ербол Есхожинді босатуды талап етіп, челлендж өткізіп жатыр.
Челлендж "Ербол Есхожинге бостандық! Саяси тұтқындарға бостандық!" деп аталады. Оған қатысушылар әлеуметтік желіге “Freedom to Yerbol Yeshozin” деп жазылған белсендінің фотосын ұстаған суреттерін салған.
1/4FREEDOM FOR YERBOL YESKHOZHIN! FREEDOM FOR POLITICAL PRISONERS Civil activists continue the challenge to demand freedom for political prisoner from #Astana Yerbol #YESKHOZHIN.On 22 Sept. 2021 at 10:00 a court of appeal in a political criminal case of Yerbol will be held. pic.twitter.com/Ubi7CzLQPP
— Musaeva Roza (@musaeva_roza) September 20, 2021
Челленджге қатысушылардың бірі азаматтық белсенді Алтын Лесбаеваның Азаттыққа айтуынша, билік Ербол Есхожиннің "аузын жабу үшін әдейі ұстап отыр".
– Ербол Есхожинді 405-баппен айыптап ("тыйым салынған ұйымның ісіне араласты және ұйымдастырды"),Facebook’те жұртты митингіге шақырды дейді. Ол әлеуметтік желіде тек өз пікірін айтты, экстремист болып қолына қару алып көшеге шыққан жоқ. Оның былтыр Дулат Ағаділдің үйінің құрылысына белсене қатысып, халықты топтастыраны билікті сескендірді. Өйткені, ол да өзге жұрт секілді режимнің өзгергенін қалады, - деді Алтын Лесбаева.
Оның сөзін қоштаған азаматтық белсенді Гүлжанат Темірхан да Есхожинді "жазықсыз соттап жатыр" деп санайды.
- Есіл аудандық сотының шешімін әлі көзімен көрген ешкім жоқ. Ербол Есхожин мен Асқар Қайырбекті билікті сынағаны үшін қамап отыр. Ал кез келген азаматтың билікті сынауға құқығы бар, - дейді ол.
2021 жылғы 3 тамызда Нұр-Сұлтанның №2 Сарыарқа аудандық соты азаматтық белсенді Ербол Есхожинді "тыйым салынған экстремистік ұйым жұмысына қатысты және ұйымдастырды" деп айыптап, 2 жыл 6 айға қамауға үкім шығарған. Бұдан бөлек, оған 5 жылға дейін бейбіт жиындарға қатысуға, әлеуметтік желілерді пайдалануға тыйым салынған еді. Белсенді айыбын мойындамай, апелляциялық шағым түсірген. Оның шағымы 22 қыркүйекте қаралады.
2019 жылдан бері елдегі қоғамдық, әлеуметтік мәселелер жөнінде пікірлерін ашық айтып жүрген 44 жастағы белсенді Ербол Есхожин кейінгі екі жылда "заңсыз шеруге қатысты" деген айыппен алты рет қамалған. Бірнеше рет әкімшілік жауапқа тартылып, айыппұл салынған.
Дәл осындай айып тағылған тағы бір белсенді Асқар Қайырбек те 2 жыл 2 айға абақтыға қамалған.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ
Нұр-Сұлтан соты азаматтық белсенді Ербол Есхожинді 2 жыл 6 айға абақтыға қамадыБелсенді Ербол Есхожинге тергеу изоляторында психологиялық қысым жасалғаны айтылды "Назарбаевтың күшіктері" деген сөзі үшін жазаланған белсенді Есхожинге тағы бір қылмыстық іс қозғалды