"Ауыр айыппұлды төлейтін ақша жоқ". Қытай елшілігінің алдында ұсталғандар жылу жинап жатыр

Your browser doesn’t support HTML5

23 қыркүйекте Нұр-Сұлтанда Қытай елшілігі алдынан ұсталып, сотталған 10 адам айыппұл төлеу қиын екенін айтады. Бірақ "Қазақстан соты қанша соттаса да Шыңжаңда саяси қуғын-сүргін көріп, түрмеге қамалған туыстарымыз бостандыққа шықпаса қарсылық акциясын үзбейміз" дейді. Олардың наразылық білдіріп жүргеніне сегіз ай болды.