Reddit сайтында Кіші Талдыкөл мәселесін қалай талқылады?

Your browser doesn’t support HTML5

Қазақстан астанасы Нұр-Сұлтандағы Кіші Талдыкөл көлін жартылай көміп, орнына тұрғын үй салу туралы жаңалықты әлемдегі ең танымал 20 интернет ресурсының қатарына кіретін Reddit сайтының қолданушылары талқылады. Көлдің орнына тұрғын үй салу туралы жазбаға ондаған пікір жазылды. Құрылысқа қарсы белсенділерді қолдағандар да, сынағандар да болды. Экологтар Кіші Талдыкөлдің ондаған құс пен өсімдік үшін маңызы бар бірегей табиғи нысан екенін айтады.