Facebook және Instagram әлеуметтік желілері мен WhatsApp мессенджері (бәрі Facebook корпорациясына тиесілі) дүйсенбі күннің екінші жартысында істен шықты.
Әлеуметтік желілер мен мессенджерде ақау болғанын көптеген ел, атап айтқанда АҚШ, Батыс Еуропа және Ресей, Қазақстан қолданушылары да хабарлады.
Корпорация расында ақау болғанын, оны шешіп жатқанын мәлімдеді.
We’re aware that some people are having trouble accessing our apps and products. We’re working to get things back to normal as quickly as possible, and we apologize for any inconvenience.
— Facebook (@Facebook) October 4, 2021
Мәлімет бойынша, DNS-те ақау болған. Facebook.com немесе Instagram.com желілері жайында мәлімет беретін DNS жазбалары ғаламдық бағыт кестесінде өшіп қалған деп жазады The Independent тілшісі Брайан Кребс.
Confirmed: The DNS records that tell systems how to find https://t.co/qHzVq2Mr4E or https://t.co/JoIPxXI9GI got withdrawn this morning from the global routing tables. Can you imagine working at FB right now, when your email no longer works & all your internal FB-based tools fail?
— briankrebs (@briankrebs) October 4, 2021
Reuters сауалнамасы бойынша, сарапшылар техникадан ақау кету мүмкін деген пікірлерін жеткізген. Хакерлік шабуыл болуы мүмкін деген болжам екіталай дейді.
Осы сәтте АҚШ биржасында әлеуметтік желілер мен мессенджерлердің істен шығуына байланысты негізгі көрсеткіштен төмен түскен, атап айтқанда NASDAQ акциясы 2 процентке, Facebook акциясы 5 процентке құлдыраған.