Сенат депутаты: Өзбекстан АҚШ-пен әскери база жөнінде келіссөз жүргізіп жатқан жоқ

Өзбекстан сенаты төрағасының бірінші орынбасары Садык Сафаев.

Өзбекстан сенаты спикерінің орынбасары Садық Сафаев Өзбекстан АҚШ-пен әскери база құру жөнінде келіссөз жүргізіп жатқан жоқ деп мәлімдеді.

Сенатордың сөзінше, Өзбекстанның ресми өкілі мұндай диалог жүргізуге құқығы жоқ, себебі заңда көрсетілмеген.

Осының алдында The Wall Street Journal басылымы АҚШ Орталық Азиядағы Ресейдің әскери базасын бірлесіп пайдалануға қызығушылық танытып отыр деп жазған. Онда мұндай келіссөз АҚШ-тың Бірлескен комитетінің штаб басшысы, генерал Марк Милли мен Ресей Қарулы күші бас штабының басшысы Валерий Герасимовпен 22 қыркүйекте Хельсинкиде өткені айтылған.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

АҚШ Ауғанстаннан шыққан әскерін Орталық Азияға кіргізе ме?"Талибанға" Тәжікстан ғана ашық қарсы шықты. Рахмонға бұл не үшін қажет?Тоқаев: Ауғанстанның жаңа билігімен конструктивті іскерлік қарым-қатынас орнатуға әзірмізАуғанстан тәліптер қолына өткенде Орталық Азия Ресей бастаған әскери одаққа сене ала ма?Ауғанстандағы жағдай АҚШ, Қытай, Ресейдің Орталық Азиядағы рөлін өзгерте ме?