Журналиске "айрықша мәртебе" көмек пе, тұсау ма?

Your browser doesn’t support HTML5

Қазақстанда журналистерге арнайы мәртебе беру мәселесі талқыланып жатыр. Бұған бұрынғы журналист, қазіргі сенат депутаты Нұртөре Жүсіптің үкіметке жолдаған сауалы түрткі болды. Кейбір журналист депутаттың бастамасын құптап, қуанды. Бірақ арнайы статус журналистер еркіндігін шектеп, қызметіне кедергі келтіреді дейтіндер де бар.