Сицилиядағы католик шіркеуінің епархиясы балаларға Санта-Клаус өмірде жоқ" деген епископ сөзі үшін кешірім сұрады. Бұл жөнінде The Guardian газеті жазды.
Мерекелердің бірінде балалар алдында сөйлеген кезінде священник Санта-Клаустың қызыл шапанын Coca-Cola компаниясы жарнама ретінде ойлап тапқан деген.
Ата-аналар балалардың көңіл күйін түсіріп жіберген епископқа наразылығын білдірген.
Бұған ресми жауап берген епархия балалардың арманына нұқсан келтіруге болмайтынын айтып, кешірім сұраған. Епархияның сөзінше, епископ Рождество мерекесінің тым коммерцияланып кеткеніне назар аударғысы келген көрінеді.