Мәскеудің Қызыл алаңында полицияның отставкадағы майоры Олега Кашинцевті құқық қорғау органдары ұстады. Ол алаңға "Навальныйға бостандық берілсін, Putin is a killer" (ағылшын тілінен аударғанда: "Путин адам өлтіруші") деген жазуы бар плакат ұстап шыққан.
Полиция формасын киген Кашинцевті алаңда бірнеше минуттан артық тұрғызбай полиция алып кеткен. Оған "пикет өткізу ережесін бұзды және құқық қорғау органдарының формасын заңсыз киді" деген айып тағып, сотқа жіберген.
Олег Кашинцев құқық қорғау органдарында 18 жыл жұмыс істеген. 2019 жылы биліктің оппозицияға қарсы әрекетіне келіспей майор шенінде отставкаға кеткен. Кашинцев Навальныйды қолдау акцияларына бірнеше рет қатысып, кейбірінде тұтқындалған.