Ресейде полицейлердің өкілетін кеңейтетін заң күшіне енді

Ресей президенті Владимир Путин 21 желтоқсанда полиция қызметкерлерінің өкілетін едәуір кеңейтетін заңға қол қойды.

Президент қол қойғаннан кейін бірден күшіне енетін құжатқа сәйкес, полиция қызметкерлерінің тұрғын үйлерге кіруіне, көліктерді ашуға, қоғамдық шара өтіп жатқан орын немесе тұрғын үйлерді қоршауға құқығы бар. Бұған қоса, азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнген жағдайда немесе қандай да бір қылмысты әшкерелеу кезінде өздерін таныстырмауға құқығы бар.

Көптеген құқық қорғаушы заң полицияның озбырлығын күшейтеді деп қауіптеніп, қабылдамауға шақырған. Құжатты қараған мемлекеттік дума депутаттары полицейлерге "шабуыл қаупі туындаған жағдайда" азаматтарға оқ атуына рұқсат беретін түзетуді алып тастаған.

Сейсенбі күні Владимир Путин сонымен бірге "Ресей Федерациясының субъектілерінде жария билікті ұйымдастырудың жалпы принциптері туралы" заңға қол қойды. Құжат губернаторларға екі мерзімнен ұзақ қызметте отыруға мүмкіндік береді, федерация субъектілері басшыларын президент деп атауға тыйым салады және Ресей президентіне оларды қызметтен алуға өкілет береді.

Бұған дейін заң жобасын Татарстанның мемлекеттік кеңесінің депутаттары бір ауыздан қолдамаған. Татарстан – республика басшысы президент деп аталатын Ресейдегі жалғыз аймақ.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Жүздеген бюллетень жоғалғанын хабарлаған кандидатты Петербург полициясы ұрып-соққанРесейде полиция баспасөз еркіндігінің шектелуіне наразы журналистерді ұстап әкеттіРесей думасы полиция өкілетін арттыратын заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады