Азат Еуропа/ Азаттық радиосы медиакорпорациясының президенті Джейми Флай Ресейдің "шетелдік агент" тізімін кеңейтіп, оған осы радиостанциямен жұмыс істейтін адамдарды қосқанын сынға алды.
"Шетелдік агент" тізіміне Азаттық радиосының екі журналисін қосқаннан соң мұндай ат таңылған біздің радиостанциямен жұмыс істейтін ресейлік саны 18 адамға жетті. Бұл әрекет біздің Ресей аудиториясына жұмыс істеуімізге кедергі бола алмайды" деп мәлімдеді Флай.
30 желтоқсанда Ресей "шетелдік агенттер" тізіміне Азаттық радиосының әлеуметтік желі бойынша редакторы Иван Беляев пен "Север. Реалии" жобасының журналисі Елена Владыкинаны, "Бірінші арна" директорының бұрынғы орынбасары, Ресей қоғамдық палатасының бұрынғы мүшесі Марат Гельманды, The New Times басылымының шолушысы Виктор Шендеровичті, "Холод" журналының бас редакторы Таисия Бекболатованы, Pussy Riot тобының мүшелері Надя Толоконникова мен Вероника Никульшинаны және ярославльдік кәсіпкер әрі "Нефть" киноклубының негізін қалаушы Андрей Алексеевті енгізді.
Facebook-тегі парақшасында Pussy Riot мүшесі Толоконникова өз жазбаларына "шетелдік агент" деген белгі қоймайтынын және бұл шешімге сот арқылы қарсылық білдіретінін жазды. "Бұл позиция бәріне ұнай бермейтінін, адамдар осы бір ұзақ-сонар мәтінді жазып отыруға мәжбүр болатынын айтуымыз керек" деді белсенді.
"Можем объяснить" телеграм-арнасына берген сұхбатында Андрей Алексеев қыркүйектен бері әділет министрінің осы тізіміне кіретіні туралы бейресми хабарлар жетіп жатқанын айтты.
"Біз немістің Фридрих Науманн қорымен бірлесіп кино көрсетіп жүргенімізді ешқашан жасырған емеспіз, мұны үнемі ашық айтамыз" деді кәсіпкер. Ресейдің әділет министрлігі жүргізетін "шетелдік агент" тізімі үш категорияға бөлінген: "Шетелдік агент" функциясын атқаратын БАҚ-тар; "шетелдік агент" функциясын атқаратын коммерциялық емес ұйымдар; "шетелдік агент" функциясын атқаратын тіркелмеген қоғамдық бірлестіктер.
Бұлардың ішінде ең ұзағы – "шетелдік агент" деген ат таңылған БАҚ-тар тізімі, онда қазір 111 жеке және заңды тұлға бар. Басқалармен қоса тізімге The Insider, "Медуза", "Дождь" телеарнасы, "Важные истории" және Bellingcat сияқты тәуелсіз зерттеу жобалары енгізілген.
Олар әр жарияланымында "шетелдік агент" тізіміне енгенін нақтылайтын сөйлем жазып, қаржылық жағдайы туралы есеп беріп отыруға міндетті. Мәскеу соттары Азаттық радиосы Орыс қызметіне осы шарттарды орындамады деп үлкен сомада айыппұл салу туралы шешімдер шығарған.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ
Көгершін Сағиева: Саяси тоқырау кезеңі ондаған жылға созылуы да, әп-сәтте өзгеруі де мүмкін"Единая Россияның" жеңісі, технология алпауыттарының Кремльге бағынуы. Дума сайлауынан кейінгі бес түйін Ресейде Путинге сенетіндер неге азайды?Сталин терроры және бүгінгі Ресей. ГУЛАГ тарихын зерттеген Юрий Дмитриев түрмеден хат жолдадыНобель сыйлығын алған ресейлік журналист Дмитрий Муратов кім?