Хоккейден жастар арасындағы әлем чемпионатына барған Ресей командасы Канаданың Калгари қаласынан 1 қаңтарда Еуропаға қайта алмады. Ойыншылар мен жаттықтырушыларды "бетперде тағу талабын орындамағаны" және "ұшаққа отырар кезде темекі тартқаны" үшін ұшаққа отырғызбаған.
Ресейліктермен бір ұшақта Чехия құрамасы да Еуропаға қайтуы тиіс еді. Ресей командасының бас бапкері Сергей Зубовтың "Матч ТВ" телеарнасына түсіндіруінше, екі компанданың да кейбір ойыншылар бетпердені дұрыс тақпаған.
Чехия жастар құрамасының менеджері Отакар Черны әуе рейсінен шеттетуге ресейлік хоккейшілердің қылығы себеп болды дейді. Оның сөзінше, спирттік ішімдік ішіп алған ресейліктер санитарлық талапты орындамаған деп хабарлады чехтың Sport.cz басылымы. Ресей делегациясының бір мүшесі ұшаққа мінетін орында тұрып темекі тартқан. Экипаж чехтарды орыстарға ұқсатқандықтан ұшаққа отырғызбай қойды деп түсіндірген Черны.
Ресейлік спорт журналисі Павел Лысенков болса чехтар мас болған дейді. Ал темекі тартқан адам – Ресей компандасының бас бапкері Сергей Зубов деп хабарлады журналист Telegram әлеуметтік желісінде. Ресейлік "Известия" басылымына ұшақта болған оқиға жайлы тағы бір адам (аты-жөнін атағысы келмеген)да солай деп айтқан.
Ресей құрамасы келесі әуе рейсімен Канададан ұшып кеткен.
Отакар Черны Air Canada компаниясы өкілдері Чехия компандасынан кешірім сұрап, оларды 1 қаңтарда қонақүйге орналастырып, Франкфурт қаласына (Германия) дейін ұшаққа отырғызуға жәрдемдескенін хабарлады.
Ресейлік бас бапкер Зубов темекіні қойғанына үш жыл болғанын мәлімдеген. Спортшылар жаппай коронавирус жұқтырып алғандықтан Канададағы жарыс өткен жоқ.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ Хоккейден әлем чемпионаты коронавирусқа байланысты тоқтатылды