"Қолма-қол ақша жоқ, қарызға баттық". Елдегі ахуал мүгедектерді әбігерге салды

Your browser doesn’t support HTML5

Қазақстанда төтенше жағдай енгізілгелі елде интернет шектелген. Осының салдарынан мобильдік банкинг істемей, жұрт әбігерге түсті. Банкоматтарда ақша жоқ. Барының алды ұзын-сонар кезек. Есеп айырысу қиындаған соң тұрғындар үй маңындағы дүкен-дәріханаларға қарызданып жатқанын айтады.