Тоқаев пен Путиннің "төңкерісі", хабарсыз кеткен Назарбаев

Your browser doesn’t support HTML5

Қазақстан президенті елдегі болған тәртіпсіздікті "мемлекеттік төңкеріс жасауға талпыныс" деп атады. Оның сөзін қуаттаған Александр Лукашенко мен Владимир Путин әдеттегідей батысты айыптады. Бірақ қоғамда "кландар арасындағы тартыс" туралы пікір азаймай тұр. Қазақстанның бұрынғы премьері Әкежан Қажыгелдин мұны "Назарбаев дәуірінің аяқталуы" деп есептейді. Ал жұрт жыл басталғалы экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өзін де көрген жоқ, сөзін де естімеді.