Тоқаев "ұлы ұстазы" Назарбаевтан теріс айналды ма?

Your browser doesn’t support HTML5

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "ұлы ұстазы" Нұрсұлтан Назарбаевты алғаш рет сынады. Ол екеуі бір ай бұрын ғана концертте бірге отырып, бірін бірі мақтаған. Сондай-ақ Тоқаевтың ұсынысымен Әлихан Смайылов премьер-министр қызметіне тағайындалды. Алайда Ақорда "террористік шабуыл" деп атаған 4-5 қаңтардағы оқиғадан қаза тапқан, зардап шеккен бейбіт тұрғындардың есебін әлі жариялаған жоқ.