Украина сарбаздары жікшіл аймақтардан атқылау күшейгенін айтады

Your browser doesn’t support HTML5

Украинаның Донецк облысындағы Горловка қаласы ресейшіл сепаратистер басып алған "ДХР" мен "ЛХР" аумақтарының түбінде тұр. 23 ақпан күні Горловкадағы украин сарбаздары кейінгі күндердің өзгерісін баяндады. Олардың сөзінше, Путиннің жікшіл аймақтардың мойындауынан кейін шабуыл "кәсіби" сипат алып, күшейе түскен. 24 ақпанда Ресей "арнайы әскери операцияның" басталғанын жариялап, Украинаға басып кірді.