Назарбаевтың бұрынғы құдасы Қайрат Боранбаев ұсталды ма? Қандай байлығы бар?

Your browser doesn’t support HTML5

15 наурыз кешке кәсіпкер Қайрат Боранбаевтың ұсталғаны хабарланды. Бірақ әлі күнге дейін бұл ақпаратты ресми органдар растамады, жоққа да шығармады. Дереккөздерге сүйеніп ақпарат таратқан ҚазТаг сайты Боранбаевты қаржы мониторингі агенттігі ұстағанын айтады. Баспасөз қызметі бізде ақпарат жоқ дейді.