Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев 21 сәуірде Қашқадария облысына барып, аудандардың жағдайымен танысқан.
Әдеттегідей президенттің сапары барысында аймақтарда қауіпсіздік шаралары күшейген.
Тұрғындардың бірі Азаттықтың Өзбек қызметіне көрші Науаи облысынан қосымша күш жеткізілгенін айтқан.
Жергілікті белсендінің сөзіне қарағанда, дүкендер кәсіпкерлердің есебінен азық-түлікке толтырылған. Жергілікті билік егер президент дүкенге кіріп қалған жағдайда, бәрі бар екенін көруі тиіс дегенді айтқан.
Бұдан бөлек ойылып жатқан жолдар да асығыс жөнделген.
"Жолдардың үстіне алдымен тас төсемей, жәй топыраққа цемент салып, жөндей салды. Бір жыл өтпей, бұл жолдар қайта бұзылады. Президент алдында көзбояушылық жасап, қанша ақшаны далаға шашып жатыр", - дейді белсенді.
Мирзияев жергілікті өңірлерге сапары барысында, әкімдерге жасанды тірлік істемеңдер деп бірнеше рет ескерту жасаған. Бірақ сынға қарамастан, жергілікті билік асығыс іс-әрекетін тыймаған.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ
Шавкат Мирзияев берген уәделерін қаншалық орындады? Мирзияев һәм Назарбаев-Тоқаев тандемі. Өзбекстан Қазақстан салған сүрлеуге түсті ме?Президенттің күтпеген сапары хокимдерді шошытты. Мирзияев халыққа бет бұрды ма?"Көзбояуға ұқсайды". Мирзияевтің жұмыссыздықпен күрес жоспарын орындау қиын Мирзияев қымбат сарай туралы Азаттық зерттеуіне қатысты пікір білдірді