"275 мың алу үшін 24 сағат істеуім керек шығар". Орташа жалақы қалай есептеледі?

Your browser doesn’t support HTML5

Қазақстанда орташа айлық 275 мың теңгеге жетті. Ұлттық статистика бюросы берген мәліметке сәйкес, бұл өткен айдың көрсеткіші. Бірақ тұрғындар ресми ақпарат бұрмаланған дейді. Жұрттың айтуынша, елдегі орташа айлық мөлшері 100-150 мың теңгеден аспайды.