Түркіменстанда ресейлік "Россия 1" және "Звезда" арналары көрсетілмей қалды. Бұл жөнінде "Интерфакс" агенттігі хабарлады. Осы уақытқа дейін оларды лицензиясы бар ірі байланыс операторы "Ашғабат қалалық телефон желісі" трансляция жасап келген.
Агенттіктің жазуынша, бұл арналарды қосқан кезде "ресейлік телеарналардың трансляциясына шектеу қойылуына байланысты бұғатталғаны" жайлы хабарлама шығады. Елде Бірінші арна, РенТВ, НТВ, СТС, ТНТ, "Матч" тәрізді өзге Ресей арналары істеп тұр.
Түркіменстанда шетел арналарын жергілікті оператор қамтамасыз ететін кабельдік және IP-телеарналар арқылы көруге болады.
Дегенмен елде спутниктік телевизияға бейресми түрде тыйым салынбаған. Бірнеше жыл бұрын жергілікті билік өкілдері тұрғындардан спутник тәрелкелерін алып тастауды талап еткен.
Жұма күні Қырғызстанда да бірнеше Ресей арнасының уақытша бұғатталғаны белгілі болған.
Ресей арналарын трансляция жасайтын қырғыз компаниясының сайтында "бірқатар елдер халықаралық спутниктердің жалпыресейлік телеарналарды таратуына қатысты заңнамалық шектеулер қойды, соған орай ВГТРК арналарын тарату біржақты түрде бұғатталды" деп жазылған.
Ресейлік арналарды таратуға жауапты "Жалпыресейлік мемлекеттік телевизия және радиотарату компаниясына" (ВГТРК) санкцияны Ұлыбритания мамырда жариялаған. Шектеуге тек мемлекеттік медиахолдинг қана емес, журналистер де, оның ішінде жүргізуші Наиля Аскер-заде және әскери тілші Евгений Поддубный да ілінген.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ
"Қазақстанда кремльшіл пропаганданың зәрлі даусы қатты шығады"Сауалнама: Қазақстандықтардың "едәуір бөлігі" Ресей насихатының ықпалына ұшыраған"Ақпараттық әскер". Ресей мемлекеттік арналарының Украинадағы соғыс жайлы өтірігіБіреулер Путинді қолдаса, өзгелер айыптайды. Украинадағы соғыс Қазақстан қоғамына қалай әсер етті?Орталық Азия Ресей медиасы пропагандасынан қалай қорғана алады?