Жұмыс сұраған жаңаөзендіктер әкімдік алдынан әлі кетпей жүр

Your browser doesn’t support HTML5

Жаңаөзенде жұмыс сұраған тұрғындар қала әкімдігі алдынан әлі кетпей жүр. Елу шақты адам 11 мамырдан бері үйіне қайтпай, далада түнеп жатыр. Олар "мұнай-газ саласынан тұрақты жұмыс табылса" дейді. Үкімет тұрғындар талабын орындай алмайтынын айтады.