Назарбаева мен Шәріпбаев "компаниясын" мемлекетке "сыйлады"

Your browser doesn’t support HTML5

Қашаған кенішінен газ өңдеутін зауыт салып жатқан GPC Investment компаниясы мемлекет меншігіне өтеді. Бұл компания бір кездері экс-президенттің қызы Дариға Назарбаева мен күйеубаласы Қайрат Шәріпбаевтың иелігінде болған. Зауыттың Шәріпбаевқа қатысы барын, оның "ҚазТрансГазбен" ірі келісім-шарт жасасқанын Азаттық былтыр анықтаған.