АҚШ Ресейге микросхема сатқан өзбекстандық компанияны санкция тізіміне қосты

АҚШ мемлекеттік департаменті ғимараты.

АҚШ Өзбекстанның "Promcomplektlogistic" компаниясын санкция тізіміне енгізді. АҚШ мемлекеттік департаментінің ресми сайтында жарияланған ақпаратта биыл 3 наурызда АҚШ ресейлік "Радиоавтоматика" компаниясына қорғаныс өнеркәсібіне өнім сатқаны үшін санкция енгізгені айтылған. Бірақ соған қарамастан, "Promcomplektlogistic" ресейлік компанияға санкцияны айналып өтуге көмектесіп, микросхемалар сатқан.

АҚШ мемлекеттік департаменті "Promcomplektlogistic" компаниясына салынған санкция бүкіл әлем бойынша жасалған "ескерту" деп мәлімдеді. "Егер санкция енгізілген заңды я жеке тұлғамен бизнес жүргізетін болсаңыз, онда сізге де санкция жариялануы мүмкін екенін білгеніңіз абзал" дейді мемлекеттік департамент.

Санкция енгізілген "Promcomplektlogistic" компаниясының АҚШ-тағы барлық мүлкі бұғатталып, америкалық компанияларға онымен іскерлік байланыс орнатуға тыйым салынады.

Ашық дерек көздеріндегі мәліметтерде 2018 жылы құрылған, Ташкентте тіркелген "Promcomplektlogistic" компаниясы құрлықта жүретін көлік қызметін көрсетумен айналысатыны, оның жалғыз меншік иесі Олег Валерьевич Грабилиннің Ресейде де бірнеше компаниясы бары жазылған.

Компания басшылығы да, оның меншік иесі де АҚШ санкциясына байланысты әзірге ешқандай пікір білдірген жоқ.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Ресей азаматтық авиациясыз қалуы мүмкін. Америкалық сарапшымен сұхбат"Үлкен жетілік" елдерінің Ресей алтынына салған тыйымы қалай жұмыс істейді? ТүсіндіремізТүркия "Ресейге санкция салмайды, өйткені оның зардабы Ресейден гөрі өзіне көбірек тиеді"Қытай Ресейге Украинадағы соғысты қаржыландыруға қалай көмектесіп жатыр? Сарапшымен сұхбат"Санкция соққысы". Ресей экономикасына төнген түнек