Ресей соты Қазақстан мұнайы экспортталатын құбыр жұмысын тоқтатпақ. Экономикаға зардабы қандай?

Your browser doesn’t support HTML5

Ресейдің Приморск аудандық соты 5 шілдеде Қазақстан мұнайының көп бөлігі экспортталатын Каспий құбыр желісіні консорциумының жұмысын 30 күнге тоқтатқан. Оған "экология ережелерінің бұзылуы" себеп. Экономист бұл үкімнің артында саяси себеп тұр деп болжайды.