Кениялық Джеруто Қазақстанға жеңіл атлетикадан әлем чемпионатының алғашқы алтынын әперді

Жеңіл атлетикадан Юджинде (АҚШ) өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан атынан жарысқа қатысқан кениялық Нора Джеруто 3000 метрге кедергілер арқылы жүгіруден әлем чемпионы атанды. Ол бұл қашықтықты 8:53,02 минутта жүгіріп өтіп, әлем біріншілігінің рекордын орнатты.

3000 метрге кедергілер арқылы жүгіру жарысының финалы. Қазақстан бұрын соңды жеңіл атлетикадан әлем чемпионатында алтын медаль алмаған еді, бұған дейін үш күміс, бес қола медаль болған.

Джеруто жарыс жолында. Бұл қашықтықта күміс пен қоланы эфиопиялық Веркуха Гетачью (8:54,61) мен Мекидес Абебе (8:56,08) иеленді. 

Джеруто мәреге келген сәт. Джеруто және тағы екі кениялық атлет Дэйзи Джэпкимэй, Каролин Кипкируи Кения құрамасына ене алмаған соң 2018 жылы Қазақстанға келген. Алдымен бұл атлеттерді ШҚО әкімі әрі Қазақстан жеңіл атлетика федерациясы Даниал Ахметовтің бастамасымен Өскеменде құрылған "Алтай Атлетикс" клубына шақырған. Өскеменге келе сала олар Қазақстан азаматтығын алды. Бірақ Әлемдік жеңіл атлетика ұйымы (World Athletics) ережесіне сай, азаматтығын ауыстырған атлеттер үш жыл "карантинде" болып, одан соң ғана жаңа ел атынан жарысқа қатысуға рұқсат.

Джеруто жеңіске жеткен сәт. World Athletics 2022 жылы қаңтарда үш кениялықты "карантиннен" шығарып, Қазақстан атынан жарысқа қатысуға рұқсат етті. Кениялық үш атлетті өздерімен еріп келген бапкері Кеннет Ротич жаттықтырады.

Джеруто мәреде.

Қазақстан жеңіл атлетика федерациясы Азаттыққа берген жауабында "кениялық атлеттердің жоғары нәтижелері отандық басқа атлеттердің нәтижесін жақсартуға және жас балалардың жеңіл атлетикаға келуіне ықпал етеді, осылайша жеңіл атлетиканың бұқаралық сипаты артады" деген. 

Нора Джеруто мәреге келген сәт.

Азаттық сөйлескен сарапшылар кениялық атлеттердің Қазақстанға келуі елдегі жеңіл атлетиканы дамытпайды, балаларды осы спортқа тартуға көмектеспейді деп санайды. 

Джеруто әлем чемпионатының алтын медалін алған кез.