"Бүйірінде оқтың ізі тұр". Қаңтарда қаза тапқан марқұмның жақындары іс қозғатуға қорқады

Your browser doesn’t support HTML5

Алматылық Думан Жанатұлы Қаңтар оқиғасы кезінде қаза болған. Жақындары оның мәйітін 11 қаңтарда мәйітханадан алған, ал полиция оның сүйегін 5 қаңтарда Алматыдағы алаңнан тапқанын айтқан. Марқұмның туыстары қаза себебін білгісі келеді, бірақ іс қозғатуға жасқанады. Азаттық Қаңтар оқиғасында мерт болған тағы бір марқұмның жақындарымен тілдесті.