Финляндия "Әлемге тек бейбітшілік" деп аталатын, СССР сыйға тартқан ескерткішті алып тастады

"Әлемге тек бейбітшілік" дейтін ескерткішке Украина туын орнатып кеткен. Финляндия, Хельсинки, 26 мамыр, 2022 жыл

Финляндия астанасы Хельсинки қаласында "Әлемге тек бейбітшілік" дейтін ескерткіш бұзылды. Ескерткішті Финляндияға СССР сыйлаған. Бұл жөнінде жергілікті YLE телекомпаниясы хабарлады деп жазады "Настоящее время".

"Әлемге тек бейбітшілік" деп аталатын 6 метрлік қола композицияны совет мүсіншісі Олег Кирюхин салған. Мәскеу монументті Финляндияға 1989 жылы сыйға берген. Ескерткіштің идеясы - бейбітшілікті насихаттау.

Ескерткішті алып тастайтынын Хельсинки билігі шілденің басында хабарлаған.

Қоғамдық орындардан совет ескерткіштерін алып тастау жөнінде Эстония үкіметі де шешім қабылдаған. Бұл елде мұндай 400-ге жуық монумент бар. Бұған дейін Латвия да совет есткерткіштері мен монументтерінен құтылу жөнінде шешім қабылдап, Рига совет әскеріне арналған ескерткішті алып тастаған. Рига әрекетінен кейін өзге елдердің қалалары да "советтік басқыншылық символдарына" айналған ескерткіштер мен монументтерді жоя бастаған.