Ресей Қырғызстан мен Тәжікстандағы әскери базаларының дайындығын күшейтеді. Бұл жөнінде Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгуға сүйенген ТАСС агенттігі хабарлады.
"Ресейдің Қырғызстан және Тәжікстандағы әскери базалары, сонымен бірге дағдарыс жағдайларына жауап беретін өзге де күштердің дайындығын арттырамыз" деді Шойгу.
Ресей қорғаныс министрінің сөзіне қарағанда, "Әл-Қаида", "Ислам мемлекеті" сияқты халықаралық террористік ұйымдар жанданып жатқан Ауғанстандағы жағдай Орталық Азияға қауіп төндіреді..
"Қарулы қақтығыс жалғасып жатқан елде әлеуметтік-экономикалық жағдай да нашарлап жатыр, діни радикализм идеолгиясы орнығып, есірткі трафигі мен трансшекаралық қылмыс жанданып жатыр" деді ол.
Шойгу Мәскеу Ауғанстандағы жағдайды реттеу бойынша кез келген халықаралық бастамаларды жылы қабылдайтынын айтып, Орталық Азия аумағының қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын қабылдайтынын жеткізді.
Қырғызстанда Ресейдің біріккен әскери базасына төрт нысан кіреді: Кант авиабазасы, Қаракөл қаласындағы сынақ базасы, Чалдовар елді мекеніндегі байланыс торабы және Майлысу қаласындағы автономды сейсмикалық пункт. Бұрын бұл нысандар жеке өмір сүрген, бірақ 2012 жылы Қырғызстан мен Ресей аталған нысандарды біріктірді.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ
Орталық Азиядағы ықпалға талас: Пекин аймақтағы позициясын күшейтіп жатыр ма?Тәжікстанда Қытайдың құпия әскери базасы бар. Пекиннің көздегені не?Ауғанстандағы жағдай АҚШ, Қытай, Ресейдің Орталық Азиядағы рөлін өзгерте ме?"Отарлық үстемдік" немесе Ресей неге Орталық Азия елдерінің ішкі ісіне араласады? Бішкек пен Мәскеу Кант әскери базасын ұлғайтуға келісті