Таулы Қарабақтағы Лачин қаласы Әзербайжан бақылауына өтті

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Таулы Қарабақтағы Лачин қаласына әзербайжан әскері шоғырланғанын хабарлады. Әлиев Twitter'де сонымен бірге қала маңындағы Забух және Сус ауылдары да әзербайжан бақылауына өткенін жазды. Аталған елді мекендер Армения мен Қарабақты жалғайтын жалғыз жол – Лачин дәлізінің бір бөлігі.

2020 жылы күзде бірнеше аптаға созылған соғыстан кейін жасалған келісімге сәйкес, Лачин ауданы Баку бақылауына өткен. Ал дәлізді Ресей бітімгерлері бақылауға алған.

Ереван мен Баку Армения мен Қарабақ арасында жаңа жол салуға келіскен. Бітімгерлер енді сол жаққа көшіп, Лачин, Сус пен Забух Әзербайжан жағында қалады.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Таулы Қарабақ келісімі: Армения мен Әзербайжанға қай жерлер бұйырды?Таулы Қарабақтағы келісімнің бас жеңімпазы – РесейТаулы Қарабақтағы ахуал тағы да ширықты Әзербайжан Армениядан жерін қайтарып алды, бірақ халқы ол жерде тұруға асығар емес. Неге?"Әскери төңкеріске талпыныс", Пашинян отставкасын талап ету. Арменияда не боп жатыр?