Қытай елшілігі қырғыз студенттеріне "жасыл дәліз" ашты

Көрнекі сурет.

Қытайдың Қырғызстандағы елшілігі Қытайға барып оқитын қырғыз студенттеріне жеңілдікпен виза беру мәселесін қарастырып жатыр. Бұл жөнінде Қытайдың Қырғызстандағы елшісі Ду Дэвэн қырғыз министрлер кабинеті төрағасының орынбасары Еділ Байсаловпен кездескен кезде мәлімдеді.

Үкіметтің баспасөз қызметінің хабарлауынша, елші Қытай жағы Қырғызстаннан студенттерді қайта қабылдай бастағанын, 25 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында елшілікте виза алу бойынша "жасыл дәліз" ұйымдастырылып жатқанын жеткізген.

Қырғыз жастары Қытай жоғары оқу орындарында мемлекеттік бағдарламалар арқылы да, жеке гранттар арқылы да оқиды. Кейінгі жылдары коронавирус індетіне байланысты студенттер Қытайға баруда қиындықтарға тап болған.

Ресми ақпаратқа қарағанда, Қытай жағы екі ел арасында әуе қатынасын арттыру мәселесін де қарастырып жатыр.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Орталық Азиядағы ықпалға талас: Пекин аймақтағы позициясын күшейтіп жатыр ма?Қытайдың "Бір белдеу – бір жол" жобасы қарыз дағдарысына тап болдыСи Цзиньпинге алғыс, "жаңа Қазақстан" құруға көмек. Тоқаев Пекинге не үшін барды?"Қазақстан да қауіпті ел". Шыңжаңнан қашқандарды Нұр-Сұлтан неге қорғай алмайды?"Босбелбеу дипломатия". Он жыл бұрын Тәжікстан Қытайға қалай жер берді?