Тоқаевтың туыстары басшылық қызметтен әлі кетпеді. Әділет министрі не дейді?

Your browser doesn’t support HTML5

Референдумға 3 ай өтсе де, президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың кейбір жақын туыстары дипломатиялық қызметте, квазимемлекеттік компанияда басшылықта отыр. Естеріңізде болса, Әділет министрі сәуірде референдумнан кейін Тоқаевтың күйеубаласы, Болгариядағы елші Теміртай Ізбастин қызметінен кетеді деген.