Украин әскері Харьков облысында Купянск қаласының шығыс бөлігін орыс армиясынан азат етті. Бұл жөнінде әлеуметтік желіде зерттеуші журналистер мен "Кракен" украин жасағының командирі Сергей Величко хабарлады.
Купянскінің украин армиясы бақылауына өткені жайлы ақпаратты Азаттықтың Орыс қызметіндегі дереккөз де растады.
Украина қарулы күштері енді Оскол өзенінің сол жағынан контршабуылды жалғастыра алады дейді сарапшылар.
Киев Купянскінің азат етілгені жайлы ақпаратқа түсініктеме бермеді.
Ресей президенті Владимир Путин жұма күні Самарқандағы баспасөз мәслихатында украин әскерінің қимылына баға беріп, Мәскеу "теракт талпыныстарына" куә болып отыр және оған байсалдықпен жауап беріп жатыр, одан да қатаңырақ әрекет ете алады деді.
"Немен аяқталатынын көреміз" деді Путин украин әскерінің контршабуылы жайлы.
Ресей президенті сонымен бірге арнайы операция жоспары өзгермейді, Мәскеудің негізгі мақсаты – Донбасты азат ету деді.
- Қыркүйек айында украин әскері контршабуылдың нәтижесінде Изюм және өзге ондаған елді мекенді Ресей күштерінен азат еткен. Ресей әскері Харьков облысының солтүстік аудандарынан кеткен.
- Украина басшылығының өкілдері Ресеймен келіссөзге дайын еместігін мәлімдеді. Олардың негізгі талабы – Ресей армиясын Украинаның халықаралық дәрежеде мойындалған барлық территориясынан (арасында Қырым да бар) алып кету.
- Ал Ресейдің Киевке талаптары әлі нақты емес. Путин бұрын операцияның мақсаты – демилитаризация мен денацификация және Украина Қырым мен өзін республика жариялап алған Донбасс республикасының аннексияланғанын мойындауы тиіс деген.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ
На деоккупированных территориях Харьковской области обнаружили 10 пыточных Украина поражает темпами контрнаступления. Произошел ли перелом ситуации на фронте? Контрнаступление украинских сил прошло «лучше, чем ожидалось». Что будет теперь?ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ
Зеленский азат етілген аудандардағы шығынды бағалады. Ресей Кривой Рогтағы су бөгетіне соққы жасадыЗерттеу: Мәскеу Тәжікстандағы базасынан Украинадағы соғысқа әскер жібергенReuters: Путин Украинаға басып кіргеннен кейін жағдайды бейбіт реттеуден бас тартты