Санкцияға байланысты Ресей құрамасы 2024 жылы өтетін Еуропа чемпионатына қатыса алмайды

Ресей құрамасының футболкасы

УЕФА санкциясына байланысты футболдан Ресей құрамасы Еуро-24 іріктеу жеребесіне қатыса алмайды.

Мұны Ресей футбол одағы растады. "Еуропа футбол ассоциациясы одағының санкциясына байланысты Ресей құрамасы 9 қазанда Франкфуртте тасталатын жеребеге қатыса алмайды. Себеп - УЕФА-ның Ресей құрамасы мен клубтарының осы ұйым өткізетін жарыстарға қатысуғаақпан айында тыйым салғанында", - дейді Ресей футбол одағының баспасөз қызметі.

"УЕФА шешімі үстінен Ресей футбол одағы Лозаннадағы (CAS) Спорт арбитражы сотына шағым түсірген, бірақ қанағаттандырылмаған" деп жазады Sports.ru.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ УЕФА Ресей құрамасы мен клубтарын 2022-2023 жылдардағы маусымынан шеттетті