"Ресейде қалудың мәні жоқ". Павлодарда соғыстан қашқан ресейлік көп

Your browser doesn’t support HTML5

Қазақстанның Павлодар қаласындағы №3 халыққа қызмет көрсету орталығы тек Ресей азаматтарын ғана қабылдап жатыр. Орталық уақытша тіркеуге алып, жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) берумен қатар ресейліктерге ыстық шәй, ас-су ұсынған. Соғыстан қашқанын айтқандарды жергілікті кәсіпкер мейрамханаға шақырып, қонақ қылған. Алайда жергілікті белсенді тым қонақжай болудан қауіп көреді.