Apple Ресейдегі қызметкерлерін Қырғызстанға көшірді

Бішкек қаласы.

Американың Apple компаниясы ресейлік қызметкерлерін Қырғызстанға көшірді, деп жазды "Ведомости" басылымы.

Басылым сөйлескен маман Apple'дің Ресейдегі қызметкерлерін басқа жаққа көшіру биыл көктемде жоспарланғанын айтты. Технология компаниясының Ресей бөлімінің басшылары Дубай мен Лондонға көшіп кеткен. Ал қатардағы қызметкерлер Қырғызстаннан жұмыс істейді.

Ресей Украинаға басып кіргеннен кейін Ресейдегі ірі шетел компаниялары қызметкерлерін басқа жаққа көшіре бастаған. Huawei жұмысшыларын Қазақстан мен Өзбекстанға орналастырған. Ал Google кеңсесін Дубайға көшіргісі келгенмен басылымның жазуынша, компания қызметкерлері "ауа райына байланысты және Ресейден алыс болғандықтан" қоныс аударудан бас тартқан.

Apple'дың техника дүкендері 2 наурыздан бастап Мәскеудегі жұмысын тоқтатқан. Компания Ресейдегі ресми онлайн дүкенде де өнімдерін сатуды доғарған. Коммерциялық ұйым Ресей аумағында онлайн сауданы тоқтатқанын, сонымен бірге Apple Pay және өзге қызмет түрлерін шектегенін растады. Компания бұған қоса, Ресейден тыс аумақта App Store'да Ресейдің пропагандашыл Sputnik және RT қосымшаларын бұғаттағанын мәлімдеді.

21 қыркүйекте Кремль мобилизация жариялағаннан кейін жүз мыңдаған Ресей азаматы көрші елдерге, оның ішінде Қазақстанға да ағылған. Мигранттар соғысып, адам өлтіргісі келмейтінін немесе соғыста опат болғысы келмейтінін айтқан.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ "Путин үшін соғысқым келмейді". Мобилизациядан қашып келген ресейліктер не дейді?

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Чемодан — и в Казахстан. Как приграничный Уральск принимает бегущих из России «Русские едут, мне нужно зарабатывать». Паника на рынке жилья закончится, но вернутся ли прежние цены? «У них комплекс "белого человека"». Что думают в Казахстане и Кыргызстане о бегущих от мобилизации «Трусливые русские убегают». Что происходит на российско-грузинской границе «Не хочу убивать и быть убитым». После указа Путина в Казахстан хлынул поток россиян