Ресейде соғысқа шақырылған ер адам опат болған жағдайда өтемақы алатын "әйел" табуға тырысқан

Ресейдің Кемеровск облысында мобилизацияланған ер адам "ВКонтакте" желісінде хабарландыру жариялап, Украинадағы соғыста опат болса, өтемақысын алатын "әйел іздейтінін" жазған. Бұл жөнінде "Новый Омск" басылымы жазды.

"Сақтандыру төлемін түсініксіз қорларға қалдырғанша жерлес бір әйелге бергім келеді" деп жазды 35 жастағы Белово қаласының тұрғыны хабарландыруда.

Ол іздейтін әйелге қоятын талаптары жоғын, тек телефон нөмірін қалдыруды сұраған, сол арқылы дайындық орталықтарында кездесу күнін белгілей алатынын айтқан.

Бірнеше телефон нөміріне хабарласқаннан кейін жазба иесі үш баланың анасы Надежда есімді жесір әйелді таңдаған. Оның күйеуі көлік апатынан қайтыс болған. "Новый Омск" басылымының жазуынша, Надежда келісім берген, ер мен әйел той өткізу рәсіміне де өтініш беріп қойған.

  • Ресейде мобилизацияланған жауынгер соғыста қаза болса, марқұмның жақындарына шамамен 12,5 млн рубль өтемақы төленеді.
  • 21 қыркүйекте Владимир Путин Украинадағы соғысты жалғастыру үшін "ішінара мобилизация" жариялаған. Қорғаныс министрі Сергей Шойгу "ішінара мобилизация барысында 300 мың резервист шақырылатынын" мәлімдеген. Бірқатар дереккөз билік миллионға жуық адамды соғысқа жіберуді көздеп отырғанын хабарлаған.
  • "Важные истории" есебінше, Украинадағы соғыста мобилизацияланған кемінде 26 адам қаза тапқан. Кемінде 19 адам соғысқа бармай жатып, оқу-жаттығу орталықтарында қайтыс болған. Кемінде үшеуі "суицид жасаған" деп айтылады.
  • 28 қазанда Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгу Путинге мобилизация жоспары орындалғанын баяндады. Шойгу қосымша шақыру болмайтынын, әскер жалдамалы қызметкерлер мен еріктілер есебінен толтырылатынын айтты.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

«Пусть Путин сам воюет». Война глазами контрактника, который ушел с фронта Кнут, пряник и обман: выходцы из Центральной Азии в России — под прицелом вербовщиков на войну в Украине Мобилизованные возвращаются домой в мешках для трупов. В российском обществе нарастает страх и недовольство «Ущерб будет сказываться десятки лет». Мобилизация лишает экономику России самого важного ресурса