Ресейдің Белгород облысында мобилизацияланғандардың әйелдері мен аналары облыс губернаторы Вячеслав Гладковтан жақындарын үйлеріне қайтаруды талап етті. Олар "Вконтакте" желісінде петиция жариялаған. Оған қазір 157 адам қол қойған.
Туыстарының сөзіне қарағанда, мобилизацияланған 752-мотоатқыштар полкін екі апта дайындықтан кейін Украинаның Луганск облысы Сватово елді мекеніне әкеткен. Қазан соңында оларды атыс болып жатқан аймаққа апарған. Туыстарының айтуынша, полк шашырап, соғысқа кеткендер байланысқа шықпай қалған. Петиция авторларының айтуынша, оларға "жақындарын соғысқа әкетпейді, Белгород облысында нысандарды күзетеді" деп түсіндірген.
"Басшылар әскери дайындығы жоқ мобилизацияланғандарды соғысқа жібереді, олардың әрі қарайғы тағдырына ешкім бас қатырып отырған жоқ" деп жазылған мәлімдемеде.
Наразылар облыс губернаторы Вячеслав Гладковтан мобилизацияланғандарды су, тамақ, оқ-дәрімен қамтамасыз етуді, туыстарымен байланысуға жағдай жасауды, резервистерді әскери дайындықтан өткізуді, облыс аумағына қайтаруды талап еткен.
Осыған дейін Вологда қаласынан соғысқа әкетілген азаматтардың туыстары Вологда облысының губернаторы Олег Кувшинниковке мәлімдеме жасап, жақындарын қайтаруды талап еткен. Олар Украинаның шайқас жүріп жатқан Сватово қаласына арнайы дайындықсыз әкетілген деп айтылады.
- Ресейде мобилизация 21 қыркүйекте президент Владимир Путиннің жарлығымен басталған. 4 қарашада ол Украинадағы соғысқа 318 мың адам мобилизацияланғанын айтқан.
- Заң бойынша, мобилизация Ресей президентінің арнайы жарлығынан соң аяқталуы тиіс. 31 қазанда Владимир Путин ондай жарлыққа қол қоймағанын, "жалпы ондай құжаттың керегіне" күмән келтірген.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ
"Заңды некедегі әйелдің құқығы көбірек". Ресейдегі мобилизация неке тіркеуді күрт көбейтті14 млрд доллар алып шыққан. Ресей мигранттары көрші елдердің экономикасына қалай серпін берді?Ресейден мобилизацияға дейін кеткендердің қазіргі өміріОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ
Кнут, пряник и обман: выходцы из Центральной Азии в России — под прицелом вербовщиков на войну в Украине «Пусть Путин сам воюет». Война глазами контрактника, который ушел с фронта «Ущерб будет сказываться десятки лет». Мобилизация лишает экономику России самого важного ресурса «Неизбежный» конфликт: кремлевская мобилизация приводит к обострению этнической напряженности в Дагестане «Не хочу убивать и быть убитым». После указа Путина в Казахстан хлынул поток россиян