Министрлік металлоломдағы каскалар туралы видеоға түсініктеме берді

Шымкентте металлоломға өткізілген каскалар. TikTok'тағы qazaqstep қолданушысының видеосынан алынған скриншот.

Қазақстан қорғаныс министрлігі әлеуметтік желіде металлоломға өткізілген әскери каскалар туралы видеоға түсініктеме берді. Видео желіде қызу талқыланды.

"Әлеуметтік желіде әскери каскаларды металлоломға өткізгені жайлы видео тарап жатыр. Бұл каскалар қорғаныс министрлігіне тиесілі емес. Ведомство тексеріс жүргізді, Қазақстан қарулы күштерінің әскери бөлімінде әскери мүліктерді жымқыру және жоғалту фактілері болмаған" деп жазылған министрлік хабарламасында.

Бір күн бұрын Тiktok желісінде жарияланған металлоломға тасталған әскери каскалар туралы видео қызу талқыланған еді. Видеода металлолом жәшіктерінің бірінде көп каска жатқаны көрінеді. Видео сипаттамасында Шымкенттегі металл қалдықтарын өткізетін орындардың бірі деп жазылған. Видео авторы қорғаныс министрлігіне үндеу жасаған.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Глава Минобороны Казахстана заявил о начале проверки после публикации списков «игравших в казино» Минобороны Казахстана: Новых военных соглашений с Россией не будет Для казахстанской армии намерены закупить 168 бронемашин «Арлан» более чем за 82 миллиарда тенге Минобороны Казахстана объяснило передвижение военной техники внутри страны «плановым обучением»