Иран футболшылары әлем чемпионатында өз елінің әнұранын шырқаудан бас тартты

Катардағы әлем чемпионатына барған Иран құрама командасы

Катарда басталған футболдан әлем чемпионатындағы матч алдында Иран құрама командасының футболшылары өз елінің әнұранын шырқаудан бас тартты. Құрама капитанының сөзінше, спортшылар осы арқылы Иранда болып жатқан қарсылық акциясын қолдайтынын білдіргісі келген. Музыка қосылғанда үнсіз қалған футболшыларға көрермендер қол соғып, ризашылық білдірген.

Әнұраннан кейін Иран құрамасы Англия құрамасымен ойнап, 6:2 есебімен ұтылды.