Батыс елдері Украинаға ондаған танк жіберуге келісті

Your browser doesn’t support HTML5

АҚШ пен Еуропадағы бірнеше ел Украинаға ондаған танк жіберуге уағдаласты. Кремль "батыс танкілері отқа оранады" деп реакция білдірді. Украина президенті көмекті бұдан да күшейтуді сұрайды. Сенатқа сайланған отыз адам депутат төсбелгісін алды. Жоғарғы палатаға Қазақстан халқы ассамблеясы ұсынған бес адам қосылды. Жоғарғы соттың экс-төрағасы да сенатор болып тағайындалды. Алматы әкімдігі 8 наурызда әйелдер маршын өткізуге рұқсат бермеді. Шеруді ұйымдастырушы топ "билік бізден қаймығады" дейді. Әкімдік жауабы - "алаңдар бос емес".