Моңғолиядан әкелген көлігін тіркей алмай жүргендер билікке талап қойды

Your browser doesn’t support HTML5

Моңғолиядан алып келген көліктерін тіркей алмай жүрген бір топ азамат Астанаға жиналып, президенттен көмек сұрады. Олар Қасым-Жомарт Тоқаевтың шетелдік көліктерді тіркеу туралы жеңілдігі ЕАЭО аясындағы елдерден ғана емес, одан тысқары мемлекеттен келген көліктерге де қолданылса дейді.