Назарбаев "Нұр Отан" – "Аманат" партиясынан шықты ма?

Your browser doesn’t support HTML5

"Нұр-Отан" партиясы Назарбаевтың кезінде ақ дегені алғыс, қара дегені қарғыс партияға айналды. Қарапайым жұрт сайлау жәшігіне бюллетеньді уыстап салып тұрып, "нан ұрсын, дауысымды "Нұр-Отанға бердім" дейтін болды. Қаңтар оқиғасынан кейін "Аманатқа" айналған партия өзін мүлде басқаша сипаттай бастады. Алайда "Өзгелер секілді Назарбаев та "Аманатқа" кірді ме?" деген сұраққа жауап беруден қиналады.