Қытаймен визасыз режим. Депутаттар мен халық не дейді?

Your browser doesn’t support HTML5

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мамырдың ортасында Қытайға ресми сапарында екі елдің өзара визасыз режимін одан әрі жеңілдететін келісімге қол қоюы мүмкін. Үкімет жариялаған құжат жобасы бойынша, екі елде азаматтардың бұрынғыдай 14 күн емес, 30 күн визасыз жүруіне рұқсат етіледі.