"Жұмысын істетіп, ақшасын төлемеді". Қоянды тұрғындары әкімдіктен еңбекақы ала алмай жүр

Your browser doesn’t support HTML5

Астана іргесіндегі Қоянды ауылының он шақты тұрғыны "әкімдік атқарған еңбегіміздің ақысын бермей отыр" деп Азаттыққа шағынды. Олардың сөзінше, көктемде қар еріп, су басу қаупі күшейген тұста жергілікті билік ауыр техникасы бар бір топ адамды қар күреу жұмысына тартқан.