Абайдағы өрт, Тоқаевтың төрт жылы - AzatNEWS | 9.06.23

Your browser doesn’t support HTML5

Абай облысында 30 мың гектар орман өртеніп жатыр. Ресми дерек бойынша, 3 орманшы қаза тапты, тағы 11 адаммен байланыс жоқ. Аймақта төтенше жағдай жарияланды. Қамаудағы журналист, белсенді Думан Мұхаммедкәрімнің үйін полиция тінтті және өзіне жаңа айып тағылғаны хабарланды. Адвокатының сөзінше, айып қуғындағы банкир Мұхтар Әблязовпен болған сұхбатқа байланысты. 8 маусым күні ұсталған "Алға, Қазақстан!" тіркелмеген оппозициялық партиясының белсенділері полиция күш көрсеткенін айтады. Кейбірінің қол-аяғы көгерген. Астана полициясы Азаттыққа жауап бермеді. - Қасым-Жомарт Тоқаевтың президент болып сайланғалы төрт жыл. Елдің саяси ахуалы, экономикасы жақсарды ма? Не өзгерді?