"Икемге келсеңдер, сендер де аласыңдар". Биліктің журналистерге пәтер беруі талқыға түсті

Your browser doesn’t support HTML5

Қазақстан президентінің жарлығымен мемлекеттік БАҚ-та істейтін алпыстан аса журналиске пәтер таратылды. Сыйлықты президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы мен ақпарат министрі Дархан Қыдырәлі табыстады. Азаттық министрден «Бұл биліктің журналистерді уысында ұстау амалы емес пе?» деп сұрады.