"Президент келеді, кетіңдер!" Тоқаев сапары қарсаңында студенттер университетке кіре алмады

Your browser doesn’t support HTML5

Алматы облысындағы СДУ университеті 5 қыркүйек күні оқу орнына студенттерді тізіммен кіргізді. Студенттердің сөзінше, университетке президент Қасым-Жомарт Тоқаев келетіні ескертілген. Алайда бүгін Алматы облысында сапарда жүрген Тоқаевтың университетке барғаны туралы ақпарат жоқ.