Әскери комиссариатқа шақырылған Мәскеу тұрғыны өз-өзіне қол салған

Мәскеудің 23 жастағы тұрғыны қала орталығына жақын тұстағы атқыштар клубында өз-өзіне қол салған. Мұны "База" басылымы мен 360 телеарнасы хабарлады. "База" мәліметіне қарағанда, өз-өзіне қол салуына әскери комиссариатқа шақырылғаны себеп болған.

Басылымның жазуынша, ол өз-өзін өлтірер алдында әскери комиссариатқа шақыру қағазын алғанын, әскерге барғысы келмейтінін айтқан. Әскери комиссариатқа 21 қараша баруға тиіс болған.

360 телеарнасы өз-өзіне қол салған адамның достары "Выстрел" атқыштар клубына алдын ала ескерткен, өз-өзіне қол салуды жоспарлағанын хабарлаған. Алайда клуб қызметкерлері сенбей, қалжың деп есептеген.

  • Ресейде қазан айынан 31 желтоқсанға дейін күзгі әскери шақырылым жүреді. 130 мың адамды әскерге алу жоспарланған.
  • Украинаға қарсы соғыс үшін мобилизаця бастағалы Ресей билігі әскерге барудан жалтаратындарға, бұйрықты орындамайтындарға, әскери бөлімді өз бетімен тастап кететіндерге қылмыстық жауапкершілікті қатайтып, көп жылға дейін бостандығынан айыратын болған.