Грекиялық басылым Ресейдің Зеленский кортежіне ракетамен шабуыл жасауға талпынғанын жазды

Украина президенті Владимир Зеленский мен Грекия премьер-министрі Кририакос Мицотакис Одессада. 6 наурыз 2024 жыл.

Ресей Одессада Украина президенті Владимир Зеленский кортежіне соққы жасамақ болды деп жазды грекиялық "Прото Тема" газеті. Оқиға 6 наурыз Одессаға Грекия премьер-министрі Кририакос Мицотакис барғанда болған. Газет Грекия үкіметіндегі дереккөзіне сілтеп хабарлады.

Ақпаратта Грекия делегациясынан ешкім зардап шекпегені айтылады.

Ал Украина президенті Владимир Зеленский Одессаға жасалған шабуылдан қаза тапқандар мен жараланғандар барын айтты. Қалада дабыл таңғы 10:41 кезінде қағылып, үш минут өткенде қатты жарылыс дауысы естілген.

Зеленский мен Мицотакис жарылыстан зардап шекпеген. Одессадағы теңіз портындағы баспасөз мәслихатында Зеленский ракета жарылған сәтті көргенін айтты.

"Бұл шабуылды көрдік. Оларға қайда соққы жасаса да бәрібір. Соққыдан қаза тапқандар жайлы ақпаратты білемін" деді ол.

Қарашада Зеленский британиялық The Sun таблоидына соғыс басталғалы өзіне "бес-алты рет қастандық жасау талпынысы" болғанын айтқан.